2024 жылғы 7 шілде күні Мақат тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Өз өлкеңді тани біл!» тақырыбында Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына аудандағы Б.Қанатбаев, А.Құнанбаев, О.Сарғұнанов орта мектеп оқушыларын жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында музей мамандары экскурсияға апарды. Музей 2023 жылы қайта жаңартылып «Сарайшық» сапар орталығы болып ашылған болатын. Қазіргі таңда «Сарайшық» музей-қорығы «Сарайшық» сапар орталығы, «Сарайшық» этнографиялық музейі, «Хандар Пантеоны» мемориалды ескерткіші және ортағасырлық Сарайшық қаласы орнынан тұрады.
Экскурсия барысында оқушылар ортағасырлық Сарайшық тарихи ескерткіш орнына, «Хандар Пантеоны» мемориалды ескерткішіне, «Сарайшық» сапар орталығындағы мультимедия залында оқушылар Сарайшық қаласы туралы аңыздарды экраннан тамашалады, одан кейін Тулар залы, археологтар залы, этнографиялық музей экспозициясымен етене танысып, ой-өрістері кеңейіп, керемет әсер алып қайтты.