Басшы блогы

Мақат тарихи-өлкетану музейінің басшысы

Айдаралиева Құралай Әлжанқызы

Айдаралиева Құралай Әлжанқызы 1972 жылы Атырау облысы, Мақат ауданы Доссор кентінде дүниеге келген.

2010-2015 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих факультетін «тарих» мамандығы бойынша бітірген. 1994 жылдан бері музей саласында жемісті еңбек етіп келеді.

1994-2002 жылдары Мақат тарихи-өлкетану музейінің маманы қызметін атқарды.

2002 жылдан қазіргі таңға дейін музей басшысы қызметін абыроймен атқарып келеді.

Қ.Айдаралиева көптеген көрмелерді ұйымдастыруға атсалысты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Атырау – алтын бесігім», сондай-ақ «Өнерімен танылған өркенді ел», «Сағыз мұнай кәсіпшілігіне – 80 жыл», «Рухани қазына», «Өлке тарихы сыр шертеді» т.б. көптеген үлкенді-кішілі көрмелерді өз басшылығымен жасақтап, шеберлігімен ұйымдастырып, жетекшілік еткен үшін түрлі марапат, сыйлықтарға ие болды.

Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: Мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының баяндамалар жинағына «Таскешу керуен сарайы – көшпелі өркениет ескерткіші» атты мақаласы енгізілді. (2017 ж.)