Тоқыма бұйымдары

Қолөнердің халықтың қажетіне пайдаланатын тамаша үлгілері өте көп. Солардың бірқатары қазақ халқында өрмек тоқу, алуан түрлі кілем, бау, басқұр, алаша, қоржын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, тұскиіз жасау сияқты өнері ең бір қажет және мейлінше кең дамыған кәсіптің түрі. Жүннен әр түрлі бұйымдар жасау қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің аса маңызды кәсібі санатына жатады. Қазақтың дәстүрлі кілем тоқымашылығы және жүннен, киізден тоқыма бұйымдарын дайындау ісі өткен ғасырларда кеңінен дамып, ерекше орын алған. Олардың қатарына қоржын, басқұрлар, желбаулар сияқты сан алуан бұйымдар жатады. Музей қорында түскиіз, басқұрлар, желбау, терме алашалар, сырмақ, бойтұмар бар.