Музей тарихы

Мақат тарихи-өлкетану музейі 1974 жылы аудандық партия комитетінің құрылғанына 50 жыл толу қарсаңында Доссорға ардагер басшы Әмір Ипмағамбетов келетін болып, осы маңызды оқиғаға орай мұражай бөлмесін ашу ұйғарылып, жұмысымен айналысу мектеп-интернат директоры Сатқан Бисеновке жүктелген. Осылайша Доссор кентіндегі Сабыр Шарипов атындағы мектеп-интернаты жанынан 318 жәдігермен қоғамдық бастама негізінде құрылған.

Музейдің алғашқы ашылуына сол кездегі Сабыр Шарипов мектеп директоры «КазССР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері» ұстаз, іскер маман Сатқан Бисенов тарихи жәдігерлер жинақтауға зор үлесін қосты.

Музейдің бастау тарихында оның ұйымдастырушысы, әрі алғашқы директоры ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, Мақат ауданының Құрметті азаматы Сарғұнанов Ораз Өтебайұлы. Ол 1978-1984 жылдар аралығында музей меңгерушісі қызметін атқарып оның дамуына үлкен күш жігерін жұмсады.

Қазіргі таңда музей басшысы Айдаралиева Құралай Әлжанқызы.

Музей 1978 жылы салынған ІІ қатарлы ғимараттың төменгі қабатында кондоминиуммен берілген 155,4 ш.м. орналасқан. Оның ішінде 118,8 ш.м экспозициялық залдар, 5,8 ш.м қор сақтау бөлмесі, 20,8 ш.м мамандар бөлмесін құрайды.

Суретте: Мақат аупарткомның ІІ хатшысы Н.В.Насенковтың мұражай бөлмесін ашудағы лента қию сәті. 1974 ж

 

Суретте: Аудандық партия комитетінің І хатшысы, ардагер Ә.Ипмағамбетов, Мақат аупарткомның І хатшысы Б.Ізтілеуовтың мұражай жәдігерлерімен танысу сәті. 1974 ж.