«Өлке табиғаты» экспозициясында Атырау облысы бойынша қызыл кітапқа енген аң-құстардың тұлыптары (қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, сабауқұйрық, үкі, қырғауыл және үйректің түрлері мен балапандары), бекіре тәрізділер отрядына жататын – бекіре, қорытпа, шоқыр, көксерке, сазан балықтарының тұлыптарын көріп, тамашалауға болады.