Мақат тарихи-өлкетану музейінде жазғы демалыс уақытында ауданның балабақша тәрбиеленушілері музейге саяхатқа келді. Олар үшін музейдің экспозициялық залдары бойынша тегін экскурсиялар ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балалар табиғат экспозициясындағы аң-құстар мен балықтарды және этнография залындағы қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына қызығушылық танытып, таңдана тамашалады.