2024 жылы 23 қазан күні Мақат тарихи-өлкетану музейінде «25-қазан Қазақстан Республикасының күніне» орай «Мәңгілік жасай бер, қыран елім Қазақстан» атты көрме және мектеп оқушыларына танымдық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтауға үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіре отырып, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабаққа аудандағы Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Сабақ әнұранмен басталып, республика күніне арналған бейнеролик көрсетілді. Көрмеге Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен еліміздегі көрнекті монументтерінің фотосуреттері, сонымен қатар Қазақстан облыстары мен республикалық маңызы бар қалалардың фотолары және тәуелсіздікке арналған кітап көрмесі жасақталды.
Сабақ барысында көрме толық таныстырылып, лекция оқылды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңында «Атамекен» әні шырқалды.
25-қазан Республика күні мерекесі ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытуға үлкен үлес қосады. Осы өткізілген танымдық сабақ арқылы мәдениетімізді болашақ ұрпаққа насихаттаймыз.