• Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Басшы блогы
  • Жұмыс уақыты
  • Музей туралы
    • Музей жарғысы
    • Музей басшылары
    • Тарихы
    • Қызметкерлер
    • Мәдени іс-шаралар
    • Көрмелер
    • Пікір кітабы
    • Шартты бағалар прейскуранты
  • Экспозициялық залдар
    • «Этнография» залы
    • «Тарихи-өлкетану» залы
    • «Өлке-табиғат» экспозициясы
  • Коллекциялар
    • Археология
    • Нумизматика
    • Тулар, Вымпелдер, ленталар
    • Кітаптар, портреттер
    • Пластинкалар
    • Музыкалық аспаптар
    • Киімдер
    • Тоқыма бұйымдар
    • Зергерлік бұйымдар
  • Кеңестер
  • Медиа
    • БАҚ жарияланымдары

«Қарашүңгілден - Теңізге дейін!» Жылой ауданы «Атамұра» музейінен көшпелі көрме

2024 жылдың 5 қыркүйек күні Мақат ауданы Доссор кентіндегі «Мақат мұнай және газ технологиялық колледжіне» Жылой аудандық музейінен «Қазақ мұнайының 125 жылдығына» орай Жылыой мұнайының тарихынан сыр шертетін «Қарашүңгілден - Теңізге дейін!» атты көшпелі көрме әкелінді.

Мақсаты: Қазақ мұнайының тұңғышы атанған Қарашүңгілден бастап, әлемге танымал Теңіз кенішіне дейінгі мұнай тарихымен аудан тұрғындарын таныстыру, «Еңбек – елдің мұраты» жобасы аясында танымал мұнайшыларды насихаттау.

Көрменің ашылу салтанатына Доссор кенті әкімі аппаратының бас маманы М.Нұрғалиева, Доссор кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы – Қ.Бисенов, мұнай саласына еңбегі сіңірген ардагер мұнайшы инженер-технолог, «Мақат ауданының Құрметті азаматы» М.Шәйкөнов, техник-энергетик, ардагер мұнайшы – С.Исақов және көп жылдары Мақат ауданының мәслихат хатшысы қызметін атқарған ардагер ұстаз, «Мақат ауданының құрметті азаматы» Т.Жолмағанбетов, сонымен қатар ұрпақ тәрбиесіне оның ішінде өңіріміздің білім беру саласына елеулі үлес қосқан ұстаздар: «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Мақат ауданының құрметті азаматы» Р.Үмбетова, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісінің иегерлері Ж.Алтыбаев, А.Қадырғалиева, ардагер ұстаз О.Таспаев, «Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің» директоры І.Таспаев және колледж студенттері, мектеп оқушылары мен ұстаздары, музей мамандары қатысты.

Алғашқы сөзді Мақат тарихи-өлкетану музейінің басшысы Қ.Айдаралиева сөйлеп, көрменің маңыздылығы туралы айтып, сөз кезегін Доссор кенті аппаратының бас маманы М.Нұрғалиева, ардагерлер кеңесінің төрағасы – Қ.Бисенов, мұнайшы ардагерлер М.Шәйкөнов пен С.Исақовқа берді.

Көрменің лента қию рәсімін «Мақат ауданының Құрметті азаматтары», ардагер мұнайшы М.Шәйкөнов пен ардагер ұстаз Т.Жолмағанбетов жолдады.

Келесі кезекте Жылой аудандық музейінің экскурсоводы А.Тұрсынова келген көрермендерге көрмені таныстырды.

Шара соңында Жылой ауданы музейі басшысының міндетін атқарушы Ж.Нұрмашова «Қазақ мұнайының 125 жылдық» мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Қарашүңгілден – Теңізге дейін» атты көшпелі көрмеге атсалысқан Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің директоры І.Таспаев пен Мақат тарихи-өлкетану музейінің басшысы Қ.Айдаралиеваға «Алғыс хат» пен шараға қатысушы ардагерлерге «Өлке тарихының ордасы» атты кітап жинағын ұсынды.

  • Gallery Item 1
  • Gallery Item 2
  • Gallery Item 3
  • Gallery Item 4
  • Gallery Item 5
  • Gallery Item 6
  • Gallery Item 7
  • Gallery Item 8
  • Gallery Item 9
  • Gallery Item 10

Мақат тарихи-өлкетану музейі

  • Басты бет
  • Басшы блогы
  • Жұмыс уақыты
  • Музей туралы
    • Музей жарғысы
    • Музей басшылары
    • Тарихы
    • Қызметкерлер
    • Мәдени іс-шаралар
    • Көрмелер
    • Пікір кітабы
    • Шартты бағалар прейскуранты
  • Экспозициялық залдар
    • «Этнография» залы
    • «Тарихи-өлкетану» залы
    • «Өлке-табиғат» экспозициясы
  • Коллекциялар
    • Археология
    • Нумизматика
    • Тулар, Вымпелдер, ленталар
    • Кітаптар, портреттер
    • Пластинкалар
    • Музыкалық аспаптар
    • Киімдер
    • Тоқыма бұйымдар
    • Зергерлік бұйымдар
  • Кеңестер
  • Медиа
    • БАҚ жарияланымдары