• Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Басшы блогы
  • Жұмыс уақыты
  • Музей туралы
    • Музей жарғысы
    • Музей басшылары
    • Тарихы
    • Қызметкерлер
    • Мәдени іс-шаралар
    • Көрмелер
    • Пікір кітабы
    • Шартты бағалар прейскуранты
  • Экспозициялық залдар
    • «Этнография» залы
    • «Тарихи-өлкетану» залы
    • «Өлке-табиғат» экспозициясы
  • Коллекциялар
    • Археология
    • Нумизматика
    • Тулар, Вымпелдер, ленталар
    • Кітаптар, портреттер
    • Пластинкалар
    • Музыкалық аспаптар
    • Киімдер
    • Тоқыма бұйымдар
    • Зергерлік бұйымдар
  • Кеңестер
  • Медиа
    • БАҚ жарияланымдары

Ембінің ардагері Балғаным Доспаеваның Алматы қаласында тұратын немересі Жанар Доспаева өзінің жолдасымен келді

2025 жылдың 23-ші сәуірінде Мақат тарихи-өлкетану музейіне мұнайшы, Ембінің ардагері Балғаным Доспаеваның Алматы қаласында тұратын немересі Жанар Доспаева өзінің жолдасымен келді.

...Балғаным Доспаева 1898 жылы Қызылқоға ауданы, Қарабау селосында дүниеге келген. Еңбек жолын Байшонас мұнай кәсіпшілігінде жұмысшы болып бастаған. Осы кәсіпшілікте 45 жылдан астам уақыттың ішінде жұмысшыдан мұнай өндіруші шеберіне дейін еңбек жолынан өтті. 1959 жылы зейнеткерлікке қалды. КСРО Жоғарғы кеңесіне 3-дүркін депутат болып сайланған. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Балғаным Доспаева 1967 жылы дүниеден өтті.

Ел басына күн туып, өмір мен өлім белдескен тұста Жеңіс сағатын жақындату үшін мұнайлы мекеннің қыз келіншектері соның ішінде Балғаным Доспаева басқаратын мұнай өндіру учаскесі әйелдері ерлік пен елдікті таныта білді. Балғаным Доспаева басқарған участок коллективінде талай еңбек озаты әйелдер тәрбиеленіп шықты. Солардың бірі Социалистік Еңбек Ері Нәбира Шағырова еді.

Балғаным Доспаева тек өндіріс жетекшісі ғана емес, үлгілі ана да бола білді. Ол бірнеше баланы тәрбиелеп өсірді. Оның өмір жолын кейінгі ұрпаққа қалдыру мақсатында немересі Жанар Каримқызы әжесіне Доссор кентінен бір көше есімінің берілуін қалайды.

  • Gallery Item 1
  • Gallery Item 1
  • Gallery Item 1
  • Gallery Item 1
  • Gallery Item 1

Мақат тарихи-өлкетану музейі

  • Басты бет
  • Басшы блогы
  • Жұмыс уақыты
  • Музей туралы
    • Музей жарғысы
    • Музей басшылары
    • Тарихы
    • Қызметкерлер
    • Мәдени іс-шаралар
    • Көрмелер
    • Пікір кітабы
    • Шартты бағалар прейскуранты
  • Экспозициялық залдар
    • «Этнография» залы
    • «Тарихи-өлкетану» залы
    • «Өлке-табиғат» экспозициясы
  • Коллекциялар
    • Археология
    • Нумизматика
    • Тулар, Вымпелдер, ленталар
    • Кітаптар, портреттер
    • Пластинкалар
    • Музыкалық аспаптар
    • Киімдер
    • Тоқыма бұйымдар
    • Зергерлік бұйымдар
  • Кеңестер
  • Медиа
    • БАҚ жарияланымдары