5 мамыр күні Мақат ауданында 29-30 мамыр күні “Атырау Этно-FЕST” этномәдени фестивалінде белсенділік танытқан мәдени мекеме ұжымдары мен қолөнер шеберлерін марапаттау шарасы өтті. Аудан әкімі Азамат Мәмбетов фестивальде Мақат ауданы үздік атанып, ұлттық мәдениетімізді насихаттап, рухани құндылықтар ұлықталған шарада аудан абыройын асқақтатқан мәдениет қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Аталған шараға музейден 140 жәдігерлер апарылып, көпшілік көрермендерге ұлттық мұрамыз насихатталды.