Фотокөрмені тамашалауға келген көрермендер Астананың әр түрлі ғимараттарының 30-дан астам фотосуреттерін тамашалады.
Фотосуреттер арасынан әлемдік бірегей Мәдениет объектілерін көруге болады. Олардың ішінде ғаламның 90 эпикалық ғимаратына енген Астананың басты бренді - «Бәйтерек», Астананың ЭКСПО-орталығындағы диаметрі 80 метр сфера нысанындағы ерекше ғимарат - «Нұр-Әлем», әлемнің ең әдемі 10 президенттік сарайларының бірі - Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақ Орда» резиденциясы. Сондай-ақ белгілі британдық сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша салынған елорданың бірегей құрылыстары: «Бейбітшілік және келісім сарайы» - Пирамида, Гиннестің рекорд кітабына енгізілген, шатыр нысанындағы әлемдегі ең үлкен ғимарат - «Ханшатыр» сауда-ойын сауық кешені, халқымыздың көне тарихы, мәдениеті мен жетістіктерін әспеттейтін ауқымды кешен, Қазақстанның тәуелсіздік рәміздерінің бірі - «Қазақ елі» монументі, мұражайлар мен мешіттер бар.