2022 жылдың 20 сәуір күні музейде Қазақстанның Халық жазушысы, академик Зейнолла Қабдоловтың туғанына 95 жыл толуына орай аудан мектеп оқушылары арасында «Зейнолла Қабдолов – көп қырлы талант» атты әдеби-танымдық сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: оқушыларға өңірімізден шыққан Қазақстанның халық жазушысы, филолог, ғалым Зейнолла Қабдоловтың өмірі мен шығармашылығын танытуға мүмкіндік бере отырып, олардың бойындағы патриоттық сезімді, эстетикалық талғамды, сөйлеу мәдениетін дамыту. Шараға аудандағы Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп және С.Шарипов атындағы мектеп-интернат оқушылары қатысты.
Сайыс кезеңдері бойынша мектеп оқушылары Зейнолла Қабдоловтың өмірі мен шығармашылығына байланысты әдеби-танымдық постер дайындап қорғады. Сондай-ақ, жазушының шығармаларынан үзінді оқып, драмалық шығармаларынан қысқаша сахналық қойылым көрсетті. Жазушының шығармашылығына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік білімдерін көрсеткені үшін Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушылары І орынды, С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары ІІ орынды иеленіп. жүлделі дипломдармен марапатталды.