Зағип жандарға арналған экскурсия ұйымдастырылды

2021 жылдың 12 қараша күні 13 қараша – «Халықаралық зағиптар күніне» орай Мақат тарихи-өлкетану музейінде ауданымыздың зағип жандарына арналған экскурсия ұйымдастырылды.

Жазмыштың жазуымен жанарынан айырылған жандарға арналған бұл шараның мақсаты – зағип жандардың басын біріктіріп, көзі көрмесе де жүрекпен сезінетін, асыл сөздің мәнін білетін жандарға қуаныш сыйлау, өздеріне жасалып жатқан әлеуметтік қолдауды сезіну.

Экскурсия барысында музейге келген зағип жандарға жәдігерді қолмен ұстап көру мүмкіндігі туғызылды.

01

01

01