«Табиғатым – байлығым» аудандағы мектеп оқушыларына интерактивті-танымдық сабақ өткізілді

2020 жылдың ақпан айының 19 жұлдызында Мақат тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Өлкеміздің өсімдігі мен жануарлар дүниесі туралы «Табиғатым – байлығым» атты аудандағы мектеп оқушыларына интерактивті-танымдық сабақ өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға, оған қамқор бола білуге және тапсырмаларды ұқыпты орындауға баулу.

Шара барысында музей қызметкерлері «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер берді. Сондай-ақ, қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер мен жануарлар туралы мол мағлұмат беретін видеоролик көрсетілді. «Кім шапшаң» табиғат туралы жұмбақтар шешу, «Озық болсаң тауып көр» мақал мәтелдерді жалғастыру, табиғат көріністерінен мазайка құрастыру және тағы басқа ойындар ұйымдастырылды.

Сабақ соңында мектеп оқушылары музейдегі жаңадан жасақталған табиғат экспозициясын тамашалады.

01

01

01

01

01