«Сәкен оқулары» атты мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Сәкен оқулары» атты мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

2019 жылдың ақпан айының 28 жұлдызында Мақат тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның қоғамдық тарихынды абыройлы орын алатын, революционер-коммунист, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына125 жыл толуына арналған мектеп оқушылары арасында «Сәкен оқулары» атты сайыс өткізілді.

Сайыс мақсаты – жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру. С.Сейфуллин шығармашылығын насихаттап мектеп оқушылары арасында көркемсөз оқу шеберлігін дамыту.

Сайыс барысында Доссор кентіндегі С.Шарипов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таңғалиев Қуандық Сансызбайұлының жетекшілігімен 5-7 сынып оқушылары 2 топқа бөлініп Сәкен шығармаларын, ақын өлеңдерін, поэмаларын мәнерлеп оқу, Сәкеннің музыкалық мұрасынан ән айту, Сәкен шығармаларына қатысты викториналық сұрақ-жауап, Сәкен рухы өлмейді тақырыбында өлең шығару, шығарма жазу, сурет салу байқаулары бойынша жарысты.

Мектеп оқушылары Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға мүдірмей жауап беріп қана қоймай, ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды.

Сайыс соңында музей басшысы Қ.Айдаралиева екі команданы да жүлделі І және ІІ орындармен марапаттап, естелік сыйлықтар тапсырды.

01

01

01