2022 жылдың 20 қазан күні 25-қазан Республика күніне арналған «Менің елім–Қазақстан» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Сайысқа аудандағы Б.Қанатбаев және А.Құнанбаев атындағы орта мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары 5 кезең бойынша бақ сынасты.
Сайысты өткізудегі мақсат өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілік, патриоттық және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, өз елінің тарихын білуге, оны қастерлей білуге тәрбиелеу. шығармашылыққа баулу.
Сайыс қорытындысы бойынша Доссор кентіндегі А.Құнанбаев орта мектебінің оқушылары І-ші және Б.Қанатбаев орта мектебі оқушылары ІІ орын иеленді. Музей басшысы сайыс қатысушыларына арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.