Ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қаз.КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мақат ауданының Құрметті азаматы Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай «Поэзия падишасы» атты сайыс өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріп, шығармаларын дәріптеу. Өзіндік ерекшеліктерін анықтау, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу, поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
Шара барысында ақын өмірі мен шығармашылығынан бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ мектеп оқушылары ақынның шығармашылық өмірінен 3 кезең бойынша біліктілігі мен өнерлерін паш етті.
Сайыс соңында мектеп оқушылары жүлделі І-ші және ІІ орындармен марапатталып, көрермендердің ерекше ықыласына бөленген оқушыларға алғыс хат табысталды.