«Оркестрді сөйлеткен дирижер» атты еске алу кеші

Мақат тарихи-өлкетану музейінде 2022 жылдың 24 қараша күні Бүкілодақтық және Халықаралық байқаулардың лауреаты «Алтын медаль» иегері, Мақат кентінің Құрметті азаматы, дирижер, ұстаз А.Түсіпқалиевтің туғанына 80 жыл толуына арналған «Оркестрді сөйлеткен дирижер» атты еске алу кеші өткізілді.

Кешке А.Түсіпқалиевтің жұбайы Жаңыл апай, қызы Райхан Аманқосқызы және ұзақ жылдар бірге еңбек еткен әріптестері, Бүкілодақтық және Халықаралық байқаулардың лауреаттары Ғинаятов Естай, Жеңсікбаева Мандаш, Майлыбаева Төленді, Ильясов Қазбек, Қуанышалиева Ләззат, Қайрошев Сағидолла қатысып ағай туралы естелік әңгімелерімен бөлісті.

Шара барысында ансамбльдің орындаушылық шеберлігінің жоғарғы деңгейде қалыптасып, биіктен көрінуіне үлкен еңбек сіңірген алғашқы музыкалық жетекшісі, халық ұлт аспаптар оркестріне дирижерлық жасаған Аманқос Түсіпқалиевтің шығармашылығына арналған «Оркестрді сөйлеткен дирижер» атты экспозициялық көрменің ашылу рәсімі ұйымдастырылып, шараға қатысушы қонақтарға кеңінен таныстырылып, насихатталды.

Сонымен қатар Аманқос Түсіпқалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді. Доссор кентіндегі Рысбай Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды.

Шара соңында музей басшысы кеш қонақтарына естелік сыйлықтар мен шараның өтуіне атсалысқан өнерпаздарға алғыс хаттар табыстады.

 01 02 03 04 05