«Наурыз – құт береке бастауы» мерекелік шара

2024 жылдың 14 наурыз күні Мақат тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, «Наурыз – құт береке бастауы» атты мерекелік шара  өткізілді.

Шараның  мақсаты: наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық ойындарын тек баланы алдандыру құралы деп қарамай, балалардың жас ерекшеліктеріне сай олардың өмірге деген көз қарасын қалыптастырып, тапқырлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Шараға ауданымыздың білім және мәдениет саласына еңбегі сіңген ардагер аға-апаларымыз қонаққа шақырылды. Мәдени шараны музей басшысы Құралай Әлжанқызы құттықтау сөз сөйлеп ашты.

Наурыз мейрамында қымбат қазыналарымыздың бірі салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында, музей қызметкерлері «төркіндеу» көрінісін көрсетті.

Шарада Доссор кентіндегі О.Саргунанов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушылары қазақтың ұлттық ойын түрлерін ойнап көрсетті. Рыспай Ғабдиев атындағы өнер мектебінің оқушысы Құбайдолла Алина «Туған жер» әнін, Қуанышқали Айерке «Ана» әнін шырқап, Данабекқызы Дарияна мен Аманғали Айша қазақ биін биледі.

Шара соңында ардақты ардагерлер өздерінің жүрек жарды алғыс тілектерін айтып, батасын берді. Қорытынды сөзді музей басшысы Құралай Әлжанқызы сөйлеп, шараға белсенділік танытып қатысқан оқушыларға сыйлықтарды табыстады.

01

01

01

01

01

01