«Музей – халық қазынасы» атты музей түні өткізілді

18 – мамыр Халықаралық музей күніне орай 2019 жылдың мамыр айының 18-ші жұлдызында Атырау облысы, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Мақат тарихи-өлкетану музейінде 19:00 ден 23:00-ге дейін  «Музей – халық қазынасы» атты музей түні ұйымдастырылды.

Музей түнін тамашалауға келген аудан жұртшылығы мен қонақтары музейді аралап, көшпенділер өмірінен сыр шертетін түрлі жәдігерлер, аймақтың тарихы баяндалатын бай материалдар, жалпы ұлтымыз ұстап тұтынған ұлы қазыналар мен қатар көрмеге қойылған аудан қолөнершілерінің бұйымдарын тамашалап, жақсы әсер алып қайтты.

01

01

01