«Майталман мұнайшы» атты мұнайшы ардагерлердің ұрпақтарымен кездесу кеші өткізілді

Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған «Майталман мұнайшы» атты мұнайшы ардагерлердің ұрпақтарымен кездесу кеші өткізілді.

2019 жылдың 26 қыркүйегі күні Доссор кентіндегі Атырау облысы, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Мақат тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастырылуымен Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған «Майталман мұнайшы» атты шара өтті.

Шараның мақсаты ауданымызға еңбегі сіңген мұнайшылардың өнегелі өмір жолдарын жас ұрпаққа насихаттау. Шараға ҚАЗКСР-нің еңбек сіңірген мұнайшылары Қаспаева Жұмазия, Дәужанова Бәкес, мұнайшы, Ембінің ардагері, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдардың иегері Есеев Әжібайдың ұрпақтары, сондай-ақ ауданымызға белгілі ақын Қуат Мыңтұрғанов пен Мақат ауданының Құрметті азаматы, мұнайшы Марат Шәйкөнов және мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысты.

01