2023 жылдың 16 наурыз күні Мақат тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, «Келіні жақсының – керегесі алтын» атты сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты салт-дәстүрімізді жаңғырту, көпбалалы аналарды қолдау, келіндердің ізеттілік, инабаттылық қасиеттерін бағалау. Сайысқа Абай Құнанбаев атындағы орта мектептің аға тәлімгері Кармысова Самал Қанатқызы, «Болашақ» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Сейітова Гаухар Байтақызы, Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуанышева Айгерім Карасайқызы,
Сабыр Шарипов атындағы мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі Кенжеғалиқызы Ләззат және бала күтімімен үйде отырған жас ана Назымова Амангүл Тұрланқызы қатысып, 5 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты.
Келіндер сайысына Доссор Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Әжелер ансамблінің жетекшісі, Доссор кентіндегі Аналар кеңесінің мүшесі Оразбаева Тамара Бағытқызы, Бүкілодақтық және облыстық байқаулардың жүлдегері, Мақат аудандық ұлт-аспаптар халық оркестрінің байырғы мүшесі, Жеңсікбаева Маңдаш Жеңсікбайқызы, Доссор Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Әжелер ансамблінің мүшесі Даумова Талшын Закарияқызы және музей басшысы Айдаралиева Құралай Әлжанқызы қазылық етті.
Сайыс барысында бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған қазақ келіндерінің әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді, ісмерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергендіктері байқалды. Сондай-ақ сайысқа қатысушы аналар ерекше өнерлерін де паш етті.
Қазылар алқасының шешімімен, 1 орынды Гаухар Сейітова, 2 орынды Кенжеғалиқызы Ләззат, 3 орынды Айгерім Қуанышева жеңіп алды. Самал Кармысова мен Амангүл Назымова алғыс хатпен марапатталды.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.