Атырау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы филормониясында "Жас экскурсоводтар - 2022" байқауы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына сәйкес Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен облыстық «Жас экскурсоводтар – 2022» байқауы Атырау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы филормониясында 2022 жылдың 12 қазан күні өтті.

Байқаудың мақсаты: Музей қызметінің қыры мен сырын және туған өлкеміздің тарихын таныстыру арқылы өскелең ұрпақтың музейге деген қызығушылығын арттырумен, мектеп қабырғасынан алған білімін жетілдіру. Халық алдында еркін сөйлеуге, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамытуға, шығармашылық және интеллектуалдық мүмкіншілігі арқылы өзін-өзі тәрбиелеу.

Сайысқа 11-14 жас аралығындағы Атырау облысы бойынша музейлер атынан қала, аудан, ауыл-аймақтан 12 оқушы қатысты. Қатысушылар 3 кезең бойынша сынға түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша Мақат аудандық тарихи-өлкетану музейі атынан «Жас экскурсоводтар» үйірмесіне қатысушы, Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы Аманкелді Кәусар Темірболатқызы қатынасып жүлделі ІІІ орынды иеленді.

 01

02

03

04