«Абай мұрасы – халық ұлағаты» мектеп оқушылары арасында сайыс өткізілді

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған  «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты мектеп оқушылары арасында сайыс өткізілді.

Мақат тарихи-өлкетану музейінде 2020 жылдың 4-ші желтоқсанында Ұлы данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты мектеп оқушылары арасында сайыс өткізілді.

Сайысты өткізудегі негізгі мақсат–дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру.

Шара барысында мектеп оқушылары Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен шығармаларын, қарасөздерін мәнерлеп жатқа айтты. Сондай-ақ, ақынның өнегелі өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, ақын шығармаларындағы табиғат әсемдігін бейнелейтін суреттерін ұсынды.

Сайысқа аудандағы О.Сарғұнанов және Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің ІІ – VI сынып оқушылары қатынасты.

Шара соңында мектеп оқушылары «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе», «Өнерлі өрге жүзер», «Озық ойлы оқушы», «Жас суретші» номинациялары бойынша мараптаталды.

01

01

01