Белбеудің бөлшегі (қапсырма)

Белбеудің бөлшегі (қапсырма) – бағалы металдан, көбінесе күмістен әшекейленіп жасалған, өрнектелген, асыл тастардан көз салынған, астыңғы бетінде камзолдың, кәзекейдің, бешпеттің өңірін қапсыратын ілгешегі бар сәндік бұйым. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырда жасалған.